$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2020, 21:49
Жаңалықтар

Ақмола облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр

Күдіктілерді қатал жаза күтіп тұр

Ақмола облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус туралы  жалған ақпарат WhatsApp мессенджері арқылы таратылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

13 наурызда полицейлер әлеуметтік желілерге моноторинг жүргізу кезінде жалған мәліметтің таралып жатқанын анықтаған. Яғни, белгісіз біреулер Нұр-Сұлтан қаласынан Ақкөл аудандық ауруханасына  коронавирус жұқтырғандар жеткізіліп жатыр деп жұртты дүрліктірген.

 Бірақ тексеру барысында бұл ақпарат расталған жоқ. Осыған байланысты Ақмола облысының полиция департаменті жалған дерек таратқан тұлғаларды іздестіріп жатыр.

Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 «Осы бапқа сәйкес жалған хабарлама авторларына 1 000 АЕК (2 651 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін»,- делінген полицияның хабарламасында.

 Тәртіп сақшылары Ақмола облысының тұрғындарын тек ресми хабарларға сеніп, шындыққа сай келмейтін қауесет пен ақпаратты таратпауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары