Еуропа коронавирус пандемиясының ошағына айналды - ДДСҰ
Індеттен көз жұмғандардың саны 5 мыңнан асты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Еуропаны коронавирус пандемиясының ошағы деп атады. Бұл туралы жұма күні Женевадағы брифингте ДДСҰ бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Еуропа қазір пандемияның ошағына айналды. Себебі ауырғандар мен қайтыс болғандардың саны туралы ақпарат көп түсуде. Бұл Қытайды есептемегенде, әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда, тым жоғары көрсеткіш», - деді ол.
ДДСҰ мәліметі бойынша,13 наурызда дүниежүзінің 123 елінде коронавирусты 132 мыңнан астам адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 5 мыңнан асты.
Еуропада коронавирустың таралуы бойынша бірінші орында Италия тұр. Бұл мемлекеттің 15 мың тұрғыны Covid-19 жұқтырған. Құрбан болғандар 1015-ке жетті.