13.03.2020, 21:00
Жаңалықтар
Шұғыл: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 адамға жетті
Бұл науқас та Германиядан келген ұшақтың ішінде болған
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфирінде мәлімдеді.
«Науқас 1976 жылғы ер азамат. Ол Алматыға Германиядан ұшып келген ұшақтың ішінде болған. Қазір ол стационарда. Карантинде ем алып жатыр. Осылайша, коронавирус жұқтырғандардың саны 4 адамға жетті», - деді ресми өкіл.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда бақылауға алынған 1425 адам бар. Оның 938-і карантинге жабылған. Қалғандары үйде оқшауланған.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелгенін хабарлаған болатын.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты