$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2020, 09:22
Жаңалықтар

Жауын-шашын болмайды: 13 наурызға ауа райы болжамы

Синоптиктер жұма күнгі ауа райы болжамын жария етті 

Жауын-шашын болмайды: 13 наурызға ауа райы болжамы

Жұма, яғни 13 наурыз күні еліміз аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында қалатындықтан, синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, республиканың тек батысында және солтүстік-батыс бөліктерінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты аздап жауын-шашын (жаңбыр түрінде) болуы ықтимал. Еліміздің кей аумағында жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей жерде 28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болуы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с дейін артады.

Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей аумағында тұман түсуі ықтимал.

Павлодар облысының кей аумағында тұман және көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.

Қызылорда облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін артады.

Серіктес жаңалықтары