$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2020, 09:10
Жаңалықтар

Қазақстаннан бірнеше елге қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны қысқарды

16 наурыздан бастап жолаушылар тоқтатылған рейстерге алған билеттерін қайтара алады

Қазақстаннан бірнеше елге қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны қысқарды

Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында Қазақстаннан бірнеше елге қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны қысқартылды. Мұндай шешімді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов басшылық ететін ведомствоаралық комиссия қабылдаған, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған елдер қатарында Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия бар.

12 наурызда ведомствоаралық комиссия мүшелері шетелдік әуе компанияларының өкілдерімен Нұр-Сұлтанда кездесу өткізген. Әуе рейстер санының қысқаруына байланысты шетелдік әуе компанияларға билеттерді толық көлемде қайтару немесе айыппұлсыз қайта брондауды рәсімдеу ұсынылды.

Биыл 16 наурыздан бастап тоқтатылған рейстерге билеттері бар жолаушылар билеттерді сатып алу орны бойынша қайтара алады. Жолаушылар барлық сұрақтар бойынша әуе компанияларға келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:

  • «Turkish Airlines» - 7 727 3123250, 51, тәулік бойы;
  • «Белавиа» - 7 7172 320241, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін;
  • «Fly Dubai» - 7 800 070 2833, (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;
  • «Etihad Airways» - 7 800 5556248, тәулік бойы;
  • «Pegasus Airlines» - 705 5558444, тәулік бойы;
  • «Uzbekistan Airways» - 7 7172 910459, 60, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін;
  • «Эйр Астана» - 7 7172 584477, 7 727 2444477, 7 702 7024477, тәулік бойы;
  • «SCAT» - 7 7252 998880, тәулік бойы.
Серіктес жаңалықтары