$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2020, 04:05
Жаңалықтар

Экология министрі Түркістан облысындағы су қоймаларын тексерді

  Ведомство басшысы сумен қамту жайын жеке бақылауында ұстайтынын айтты

Экология министрі Түркістан облысындағы су қоймаларын тексерді

Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысындағы гидротехникалық нысандарды тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр алдымен Жетісай, Мақтарал, Сарыағаш, Келес аудандарының суландыру жүйесінің ахуалы мен суару маусымына дайындығымен танысты.  Сондай-ақ ведомство басшысы аудан халқымен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

 «Қордаланған мәселелерді шешу жолдарын облыс халқымен жəне су шаруашылығы мамандарымен бірге талқылап, нақты шараларды белгіледік.  Өсімдік өсетін мезгілде сумен қамту жайын жеке бақылауда ұстайтын боламын, - деді министр.

Сонымен қатар, министр Шардара су қоймасының, Қызылқұм магистральдық арнасы мен Көксарай реттегішінің жай-күйімен танысты.

«Қазводхоз мекемесі арналарды тазалап, сумен қамтамасыз ету туралы жұрттың талап-тілегін есепке алуы қажет. Суару мерзімі аяқталғаннан кейін, Қызылқұм магистральдық арнасын қайта салу  жұмыстарын тиянақтау керек. Шардара жəне Арыс аудандарында су есептеуді жəне су бөлуді автоматтандыру арқылы бастаған жөн. Шардара су қоймасы айрықша бақылауда болуы керек. Жұмыс бекітілген қатаң кесте бойынша жүргізілуі тиіс», - деді  Мағзұм Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары