ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 678 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте коронавирустың алдын алуға 181 млн теңге бөлінді

61 адам карантинде жатыр

фото: Otyrar.kz

Шымкентте коронавируспен күреске 181 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға қосымша керек жарақтар алынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.

«Заласыздандыру шараларына толық дайынбыз. Сонымен қатар, адам қанында коронавирус бар жоғын 14 күннің ішінде анықтаймыз. Дәл қазіргі уақытта қала бойынша карантинге жатқызылатындар үшін 950 орын дайындалған», - деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Темірхан Варзилов.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Шымкент қаласында 61 адам карантинге жатқызылған. Ал, 20 адам үйінде бақылауға алыныпты. Олардың көбі шет елден келген азаматтар. Телеарнаның хабарлауынша, коронавируске байланысты 20 наурызда өтетін «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылған.