Бүгін еліміздің барлық өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Azattyq Rýhy

ҚР батысында, оңтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал

Бүгін еліміздің барлық өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Фото ашық дереккөзден

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Еліміздің барлық өңірінде найзағай аралас жаңбыр жауады.

ҚР батысында, оңтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал.

Республика бойынша жел күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.

«Жамбыл облысының түнде солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз шығысында, таулы аудандарында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, Маңғыстау облысының орталығында, түнде Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік жүреді

Қызылорда облысында, Түркістан  облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе, Ұлытау облысында, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.