«Яндекс.Такси» жүргізушілері табыстарының күрт қысқаруына байланысты компания үстінен шағымданды

Azattyq Rýhy

Ал компания сервис қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп санайды

«Яндекс.Такси» жүргізушілері табыстарының күрт қысқаруына байланысты компания үстінен шағымданды
Фото ашық дереккөзден

«Яндекс.Такси» жүргізушілері табыстарының күрт қысқаруына байланысты компания үстінен шағымданды. Олар бонустарды төлеуден бас тартып, мәлімдеме жасады. Жүргізушілер Алматы облысының Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Аз нәпақаға жұмыс істейтіндердің саны азайып, тасымалдау құны біршама көтерілгені де нақтыланады.

«Алматы облысының Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне жүгінеміз. Компания бізді кепілдендірілген кірістен айырып отыр. Былайша айтқанда, аз ақша табатын болдық. Тасымал құны бірнеше есе өсті. Компания комиссияның 21%-ын алып қалады, бұл біздің бензин мен көлікті таза ұстау шығындары туралы айтпағандағы жайт. Компанияның монополиялық әрекеттерінен біз ғана емес, қарапайым азаматтар да зардап шегудей, - деді жүргізушілер.

Компания сервис қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп санайды.

«Серіктестермен арадағы ынтымақтастық шарттары, атап айтқанда тарифтер мен комиссия саны өзгерген жоқ. Бізде серіктестер мен олардың жүргізушілеріне арналған мотивациялық бағдарламалар бар. Жақында біз бағдарламалардың шарттарын жаңарттық, сондықтан жүргізушілер белгілі бір тапсырыстарды орындау кезінде орташа кірісті көбейтуге мүмкіндік алады», - дейді «Яндекс.Таксидегілер»

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.