$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысының тұрғыны Қырғызстанда ұсталды

Қазір күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды

Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысының тұрғыны Қырғызстанда ұсталды
Фото ашық дереккөзден

10-нан астам ұрлық жасаған Алматы облысының тұрғыны Қырғызстанда ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылғы 2 қарашада Алматы облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 10-нан астам ұрлық жасағаны үшін облыстың 32 жастағы тұрғынын халықаралық іздеуге жариялаған болатын.

Биылғы 2 мамырда Бішкек қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары өткізілген. Оның барысында Қырғызстан Республикасының полиция қызметкерлері аталған елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, күдіктіні ұстады.

«Қазақстан азаматына қатысты былтыр қыркүйек айында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігімен (»Ұрлық«) қылмыстық іс қозғалғанын еске саламыз. Қазір күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр. Оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген полиция мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары