ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 54 қазақстандық қайтыс болды

«Қол беріп амандасу міндет емес» - Бас мүфти коронавирусқа қарсы сақтық шаралары жайында

ҚМБД жамағаттан мешітке бетперде киіп келуін сұрап отыр

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен коронавирус індетінің алдын алу, мешіт пен медреселерде сақтық шараларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚМДБ Төрағасы бүгінде кейбір елдерде коронавирус жылдам таралып, вирусты жұқтырған адам саны артқанын алға тарта келе, дертке қарсы арнайы сақтық шараларын қолға алуды тапсырды.

«Жамағат намазынан кейін қол беріп амандасып, бір орынға жиналып дұға ету – міндет емес. Мешітке келуші мұсылман қауымынан жұқпалы аурудан сақтану үшін мүмкіндікке қарай бетперде киіп келуін, мешітте топтасып отырмауын, жұма намаздан кейін тез арада үйіне баруын, құлшылық жасаған соң қол беріп амандасып, бір жерге жиналып, сұхбаттаспауын сұраймыз»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Бас мүфти медреселердегі дәрістерді уақытша тоқтату, жоспарланған жиындарды, семинар мен конференцияларды, құдайы ас беру секілді шараларды кейінге қалдыруды тапсырды.