Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Көлгінов алыпсатарларға ескерту жасады

Бағаны ұстап тұру үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады

Көрнекі фото

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді. Кездесуге ірі сауда желілері мен базар өкілдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  әкімдік сайтына сілтеме жасап.


«Бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз: тұрақтандыру қоры құрылды, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша сөйлестік. Көтерме сауда, делдалдар, кәсіпкерлер және т.б. тарапынан «азық-түлік себетіне» жататын тауарлармен алыпсатарлық болмауы тиіс» - деді Алтай Көлгінов.

   Сондай-ақ, елорда әкімдігі әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру мәселесін қарастырды: тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың наубайханаларына қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы «Аспан базар» сауда үйінде басталды, жәрмеңке әр сенбі мен жексенбі күндері сәуір айына дейін өтеді.