$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2020, 22:10
Жаңалықтар

Қоймаларда жарты жылға жететін азық-түлік қоры бар - АШМ

Ал бағаны негізсіз өсіргендерге айыппұл салынады

Қоймаларда жарты жылға жететін азық-түлік қоры бар - АШМ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құзырлы ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда елдегі қоймаларда 1,2 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар. Бұл көлем қалыпты тұтыну кезінде 1 айдан 6 айға дейін жеткілікті екен.

«Өндіріс орындарынан азық-түлік тауарларын жеткізу жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілуде. Сауда орталықтары мен базарлар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үкімет негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолға алды»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнын  тұрақты түрде бақылап отыр.

«Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті  бағаны негізсіз өсірген  бизнес субъектілеріне айыппұл салатынын ескертеді»,-делінген мәлімдемеде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#азық-түлік #баға