$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2019, 21:42
Жаңалықтар

Экономика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

Экономика бойынша Нобель сыйлығы кедейлікпен күрестің жаңа әдісін ұсынған ғалымдарға берілді, деп хабарлайды The Guardian

Экономика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды
bbc.com

Швед академиясы Экономика бойынша 2019 жылғы Нобель сыйлығы америкалық экономистер Абхиджит Банерджи, Майкл Кремерге және Францияда дүниеге келіп, АҚШ-та жұмыс істейтін экономист Эстер Дуфлоға берілетінін хабарлады. Олар бұл сыйлықты кедейлікпен күрестің эксперименттік әдісі үшін алды.

«Биылғы жылдың лауреаттары әлемдегі кедейлікпен күрестің ең тиімді жолдарын анықтаудың жаңа әдісін ұсынды», деп жазылған Швед академиясының мәлімдемесінде.

Айта кету керек, миллиардер және филантроп Альфред Нобельдің өсиетінде экономистерге сыйлық беру туралы айтылмаған. Экономика бойынша Нобель сыйлығы 1969 жылдан бастап табысталады. Оны Швеция банкі қаржыландырады.

Серіктес жаңалықтары