12 наурызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер болжамынша, бүгін Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болады
Бейсенбі, яғни 12 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашын болмайды. Тек республиканың кей аумағында жел күшейіп, тұман түседі, солтүстік аймақта көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының кей аумағына тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумағына тұман түседі, түнде Жамбыл облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Маңғыстау, Павлодар, Қостанай облыстарының, түнде Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, Қостанай облысының кей аумағында жел жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей аумағында тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.