12.03.2020, 11:21
Жаңалықтар
Сенат ОСК мүшесі Бақыт Мелдешовтің өкілеттігін тоқтатты
Бақыт Мелдешовтің конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталды
фото: lada.kz
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Бақыт Мелдешов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды. Палата депутаттары Сенат комитетінің ұсынысын бірауыздан қолдады. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Б. Мелдешовтің болашақ қызметіне сәттілік тіледі.
«Еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген Бақыт Сәрсенбайұлына ризашылық білдіреміз және болашақ қызметінде толағай табыстар тілейміз», - деді Дариға Назарбаева.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті палатаға Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешовті қызметінен босатуды ұсынған болатын.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды