$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2020, 09:12
Жаңалықтар

11 наурыз күні ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Сәрсенбі күні еліміздің кей аумағында тұман және көктайғақ болады

11 наурыз күні ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Фото: pikabu.ru

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 11 наурыз күні еліміздің кей аумағында тұман және көктайғақ болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республика аумағының басым бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) жауады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау облысының кей аумағында шаңды дауыл соғып, жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман түседі, күндіз кей тұста жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей тұсында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей өңірінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей аумағында тұман, көктайғақ болады.

Павлодар, Атырау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

 

Серіктес жаңалықтары