ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Шымкентке Ираннан жеткізілген қиярдан аса қауіпті зиянкес табылды

Көкөніс толығымен жойылды

Қауіпті қияр Шымкент аумағына 24 ақпан күні әкелінген. Шетелден импортталған өнімнің жалпы салмағы 64 тоннадан асады, - деп хабарлайды  Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, үш бірдей жүк көлігіне тиелген қияр қоқыс полигонына жеткізіліп, көкөністер жерге көмілген.

«Барлық құжаттар сот органдарына өткізілді. Сот «Evin plastik» компаниясына 79 мың 530 теңге айыппұл салды. Әрі өнімнің көзін жою жөнінде  шешім шығарылды»,- деді Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысы Ибрагим Бегасылов.

Аумақтық инспекция мамандары шетелден импортталған көкөністің «батыс гүл трипсімен» залалданғанын анықтады. Ал қиярды қоқысқа тастаған жағдайда, өте майда шыбын тәріздес зиянкестер қоршаған ортаға таралып кету қаупін тудырған.