17.04.2023, 20:49
Жаңалықтар
Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен жүкті әйел сәбиінен айырылды
Ал әйелдің өзіне ота жасалып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен жүкті әйел түсік тастады. Ал әйелдің өзіне ота жасалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Иә, плацента жатырдан бөлініп, ота жасалды. Ол жүктіліктің 17-18-ші аптасында екен. Қазір кеуде омыртқасына ота жасалып жатыр», - деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының директоры Серік Асқаров.
Оқиға салдарынан 13 адам орталық ауруханаға жеткізілген.
Оның жетеуі - балалар, олар жарақатының жеңілдігіне байланысты үйлеріне қайтарылған.
Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар травматологиялық бөлімге түскен орташа жағдайда күйік алған 2 кішкентай қыз ем алып жатыр.
Ал реанимация бөліміне түскен ер адамға ота жасалған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды