Жаңаөзендегі жарылыс: апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды

Azattyq Rýhy

Жарылыстың мән-жайын арнайы комиссия анықтайтын болады

Жаңаөзендегі жарылыс: апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жаңаөзенде жарылыс болған тұрғын үй аумағындағы барлық апаттық-құтқару және үйінділерді аршу жұмыстары сағат 18:15-те толықтай аяқталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігінде жарылыстың мән-жайларын анықтаумен және залалдың мөлшерін белгілеумен шұғылданатын комиссия құрылды. Осы комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын анықтап, келтірілген залалды анықтайтын болады.

Айта кетейік, 17 сәуірде таңертең қаланың екінші ықшам ауданында көпқабатты үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан тұрғын-үйдің подъезі талқандалды. Қираған алаң 150 шаршы метрді құрады.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны төрт адамға жетті.

ТЖМ жарылыстың орын алуына түрткі алдын ала болжамды жариялады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.