Жетісу облысының прокуратурасы 2,6 млрд теңгеге сатып алуды тоқтатты
Тәртіптік жауапкершілікке 7 лауазымды тұлға тартылды

Жетісу облысының прокуратурасы 2,6 млрд теңге сомаға сатып алуды тоқтатты. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жетісу облысының прокуратурасы 2,6 млрд теңге сомаға сатып алуды тоқтатты, сондай-ақ бір көзден 85 млн теңге сомаға сатып алуды жүргізуге жол бермеді. Мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген негізгі бұзушылықтар біліктілік талаптарын асыра бағалау, сараптамасыз жұмыстар жүргізу (ол міндетті болған жерде), сатып алынатын тауарлардың атауын көрсету және т. б. фактілер болды», - делінген хабарламада.
Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 36 лауазымды тұлғасы 5,7 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды (толық төленді). Тәртіптік жауапкершілікке 7 лауазымды тұлға тартылды.