$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысының тұрғындары 2 күнде 30-дан астам қару тапсырды

Өз еркімен қару тапсырған жергілікті тұрғындарға өтемақы қарастырылған

Ақмола облысының тұрғындары 2 күнде 30-дан астам қару тапсырды
24.kz

Ақмола облысында соңғы 2 күн ішінде тұрғындар ішкі істер органдарына 30-дан астам қару-жарақ тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Арнайы акция барысында қабылданған құжатсыз қарулардың басым бөлігі аңшы мылтықтары екен. Өз еркімен қару тапсырған жергілікті тұрғындарға өтемақы қарастырылған. Құжатсыз қаруларды қабылдау әлі де жалғасады. Облыстық Полиция департаменті бұл шараға 4 млн теңге қаржы бөліп отыр. 

 «Заңсыз сақталған 34 қару қабылданды. Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара аясында 10 дана қару тәркіленді. Ал олардың иелері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Акция аясында соңғы 11 жыл ішінде 2700 дана қару қабылданды», - деді облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы Ержан Қошқарбаев.
 

Серіктес жаңалықтары