$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде бір тәулікте 40-қа жуық жол апаты тіркелді – ІІМ

5 адам қаза тауып, 46 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған

Елімізде бір тәулікте 40-қа жуық жол апаты тіркелді – ІІМ
Фото ашық дереккөзден

Ішкі істер минстрлігінің ақпаратына сәйкес өткен тәулік ішінде еліміз бойынша 40-қа жуық жол көлік апаты тіркеліп, 5 адам қаза тапты, 46 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылғ  ан  республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық. Тек Ақтөбе облысындағы «Самара-Шымкент» бағытындағы тасжолындағы шектеулер алынған жоқ.

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды.

Қазгидрометтің болжамынша, Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ. Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауады. Түркістан, Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жаууы ықтыимал. Астанада бұрқасын, жел күшейеді.

Серіктес жаңалықтары