10.03.2020, 09:19
Жаңалықтар
Францияның мәдениет министрі коронавирус жұқтырып алды
Елде тағы 5 депутаттан вирус анықталған
Францияның мәдениет министрі Франк Ристер COVID-19 коронавирусын жұқтырып алды, деп хабарлады Франс-Пресс агенттігі министрліктің кеңсесіне сілтеме жасап.
«Министрдің вирусқа байланысты тапсырған анализі оң нәтиже берді», - деп хабарлады ақпарат көзі.
Ведомство басшысы қазір ауруханада емес, Париждегі өз үйінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер «жақсы» деп бағалаған.
Агенттіктің хабарлауынша, Ристер өткен аптада Ұлттық жиында бірнеше күн болған. Аталған жиынға келген 5 депутаттан да коронавирус анықталып отыр.
Францияда 9 наурызға дейін 1412 адам коронавирус жұқтырса, 25 адам қайтыс болған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)