ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 999 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус әлемнің 100 еліне тарады

АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

9 наурызға дейінгі жағдай бойынша COVID-19 вирусын жұқтырған адамдар саны 110 034 адамға жетті. Осылайша жаңа коронавирус әлемнің 100-ден астам еліне тарап отыр деп хабарлады РИА Новости Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап.

Соңғы бір тәулікте Қытайдың өзінде 3610 адам вирусты жұқтырған. Тағы 71 адам осы аурудан қайтыс болыпты.

Ал, коронавирус тіркелген мемлекеттер қатарын Болгария, Коста-Рика, Молдова, Франциялық Гвинея, Мальдив аралдары, Мальта, Даниялық Фарер аралдары, Мартиника аралы, Албания және Бангладеш толықтырды.

АҚШ-тың батыс жағалауы мен Нью-Йоркте COVID-19 вирусының жақындауына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Орегон штатында ТЖ 60 күнге жарияланған. Дәл осындай шараны бұған дейін Вашингтон мен Калифорния штаттарында қабылдаған болатын.

NBC телеарнасының мәліметінше, АҚШ-тың өзінде коронавирусты жұқтырғандар саны 500 адамнан асып, 21 адам қайтыс болыпты.

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 248 адам ауру жұқтырса, 51 адам қайтыс болған. Елде жаңа оқу жылы 23 наурызға жылжыды. Бүкіл оқу орындарында карантин жарияланған.

Иранда бір тәулікте 49 адам көз жұмған. Елде барлығы 194 адам коронавирус құрбаны болыпты. Олардың қатарында лауазымды шенеуніктер де бар.