Қазақстанның үш боксшысы Олимпиадаға жолдама алды
Бүгін шаршы алаңға тағы төрт боксшы шығады
Иорданияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстанның үш боксшысы 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Одимпиада ойындарына жолдама алды.
Жарыстың финалдық кезеңіне алғашқылардың бірі болып 69 келі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов шықты. Ширек финалда ол тай боксшысы Вуттичай Масуктан басым түсті.
Мұнан кейін рингке шыққан тағы бір отандасымыз Бекзад Нұрдәулетов (81 кг) тәжік боксшысы Шаббос Негматуллоевты жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ол бұған дейін әлем чемпионы болған.
91 келіде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит те тәжік боксшысынан басым түсті. Жартылай финалға шығу үшін ол Давлот Болтаевпен жұдырықтасқан. Оның келесі қарсыласы иордан боксшысы Хұссейн Еишаиш.
Айта кетейік, бүгін тағы төрт боксшымыз олимпиада жолдамасы үшін бақ сынайды. Олар: Валентина Хальзова (69 кг), Надежда Рябец (75 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг).