14.04.2023, 20:01
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
фото: www.akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Президенттер бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өтті.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
Бүгін, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды