Пентагонның жария болған құпия құжаттары: АҚШ әскери базасының қызметкері ұсталды

Күдікті ретінде 21 жастағы Джек Тейшейра қамауға алынды

Пентагонның жария болған құпия құжаттары: АҚШ әскери базасының қызметкері ұсталды

АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд Массачусетс штатындағы АҚШ Ұлттық әуе гвардиясының 102-барлау бөлімінің қызметкері – 21 жастағы Джек Тейшейраның Пентагонның құпия құжаттарының таралуына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Associated Press ақпарат көздеріне сәйкес, Джек Тейшейра барлау қызметімен жұмыс істеуге маманданған және құпия құжаттар жарияланған чатты басқарған.

Ал The New York Times газеті Пентагонның құпия құжаттарының партиясы әлеуметтік желілерде жалпыға қолжетімді болғанын, онда Украина армиясына қатысты деректер де болған деп жазды. Кейінірек басылым әлеуметтік желілерде АҚШ-тың «Украинадан Таяу Шығыс пен Қытайға дейінгі» саясатын көрсететін құпия құжаттардың жаңа бөлігі пайда болғанын хабарлады. Оларға сонымен қатар, «Қытай, Үнді-Тынық мұхиты, Таяу Шығыс және терроризммен күрес туралы құпия брифинг слайдтары» кіреді.

Компьютер мен смартфондағы Discord платформасындағы чаттардың скриншоты

Пентагон әлеуметтік желілерге тараған құпия материалдардың қайнар көздерін анықтап, ақпараттың таралу ауқымын бағалап жатқанын, тергеуге Әділет министрлігі мен ФТБ қосылғанын хабарлады.

Тейшейра «АҚШ-тың ұлттық қорғанысына қатысты құпия құжаттарды рұқсатсыз басып алу, сақтау және беру» үшін жауапкершілікті қарастыратын тыңшылық заңын бұзғаны үшін айыпталуы мүмкін. Басылымның хабарлауынша, жария етілген әрбір құпия құжатта жеке айып қарастырылған, ал әрбір тармақ үшін Тейшейра он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алайда жария болып кеткен құжаттардың нақты көлемі белгісіз. Бейсенбіде Пентагон өкілі Патрик Райдер агенттіктің келген шығын көлемі мен алдағы уақытта келтіретін ықтимал зиянын бағалауды жалғастырып жатқанын айтты.

Джек Даглас Тейшейра (сол жақтан екінші) © REUTERS

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.