Бүгін еліміздің бірнеше облысында жаңбыр, кей өңірде бұршақ жауады

Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін еліміздің бірнеше облысында жаңбыр, кей өңірде бұршақ жауады
Фото: Freepik/kichigin

Синоптиктер 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Қара теңіз аудандарынан келетін циклонға байланысты жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта соңы қарға ұласатын жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта найзағай, бұршақ болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Күннің соңында қар мен көктайғаққа ауысатын қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7°С жылы, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13°С, күндіз 26-28°С жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы оңтүстік, оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с  жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15°С, күндіз 31-33°С жылы болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.