$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экологтар Қазақстанда ауасы айрықша ластанған 8 қаланы атады

Мамандар бұл қалалардағы ахуалды жақсарту үшін бірқатар шара қабылданып жатқанын айтты

Экологтар Қазақстанда ауасы айрықша ластанған 8 қаланы атады

Қазақстанның 8 қаласында атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейге жатқызылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Экологиялық монииторинг нәтижесі бойынша Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш және Өскемен қалалары еліміздегі ауасы ең лас қалалар тізіміне кірген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы министрлік қалалар мен облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу бойынша Жол картасын әзірледі. Онда 485 іс-шара көзделген. Барлық жол карталары жұртшылықпен, әкімдіктермен және пайдаланушылармен талқылау кезеңдерінен өтті. Бүгінгі таңда іс-шаралардың 158-і аяқталды», - деді А. Абдуалиев.

Ол сонымен қоса экологиялық жағдайы алаңдатып отырған 8 қалаға қатысты қабылданатын шаралар туралы айтып берді.

Астана қаласы бойынша атмосфералық ауаның нақты шығарындыларының көлемі 2022 жылы 54 мың тоннаны құраған. Оның ішінде 89%-ы ЖЭО мен қазандықтардың үлесіне тиесілі болса, 11%-ы – өндіріс объектілерінің үлесінде. Спикер ластаушы заттардың шоғырлануы негізінен жылыту кезеңінде арта түсетінін айтты. Жол картасының іс-шараларын орындау шеңберінде қаладағы ЖЭО-1және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтары табиғи газға ауыстырылған. Сонымен қатар жеке секторды газдандыру бойынша бірінші кезектегі жұмыстар орындалған.

«Алматы қаласы бойынша 2022 жылы 1-санаттағы кәсіпорындар атмосфералық ауаға шығарындыларының жалпы көлемі 37 мың тоннаны құраған. Оның 97%-ы жылу энергетикасының үлесіне тиесілі, 3%-ы өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесінде. Сол себепті, энергетика субъектілерінің шығарындыларын азайту үшін газ трубиналарын салу арқылы барлық жылу энергетика орталығын газға ауыстыру туралы шешім қабылданған. Бұл ЖЭО-2 шығарындыларын 93%-ға, ЖЭО-3 шығарындыларын 88%-ға қысқартуға мүмкіндік береді», - деді спикер.  

Бұдан басқа, атмосфералық ауаны жақсарту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі электр және газбен жүретін қоғамдық көлікті сатып ала бастады. Жанар жағармай құю станцияларының отын сапасын бақылаудың К-4 және К-5 экологиялық сыныптарына сәйкестігі күшейтілді. Ол үшін техникалық реттеу туралы ҚР заңы қабылданды. Сондай-ақ автокөліктерді техникалық байқау станцияларына қатысты тиісті заңнамаға түзетулер дайындалды. Қалаға кіру және шығу тұстарында «Сергек» жүйесінің 21 бекеті орнатылып, 19 экопост пайдалануға берілді. Шығарындыларды тіркеп, деректерді Алматы қалалық полиция департаментіне беру үшін «Сергек» жүйесімен кіріктіру жүзеге асырылды. 

Сонымен қатар спикер Ақтөбе қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін жаңа кәріз тазарту құрылғылары жоспарланып отырғанын айтты. Ал Өскемен қаласында күкірт диоксиді шығарындыларын 2,2 мың тоннаға төмендету үшін «Қазмырыш» ЖШС Өскемен металлургия кешенінде күкіртті газды алдын ала тазарту бойынша 4 қосымша қондырғыны салады.

Серіктес жаңалықтары