$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстанда 9 адам бруцеллез жұқтырған

Қатерлі инфекция салдарынан адамның буындары, жүйкесі мен жүрек-қан тамырлары зақымдалады

Батыс Қазақстанда 9 адам бруцеллез жұқтырған
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында 9 адам бруцеллез жұқтырып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Олар – Ақжайық және Шыңғырлау аудандарының тұрғындары. Қазір індет ошақтарын улау және ауру малды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылдың алғашқы тоқсанында 3 адам сарыпқа шалдыққан еді. Қатерлі инфекция салдарынан адамның буындары, жүйкесі мен жүрек-қан тамырлары зақымдалады. Ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл аймақта мыңға жуық ірі қарадан бруцеллез анықталған.

«Бұл ауырған адамдардың барлығы ауру жануарды күту барысында осы індетті жұқтырып отыр. Науқаспен қатынаста болған тұлғалар, барлығы 17 адам анықталып, олар тексеріліп, нәтижелері теріс мәнді болып отыр», - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Кажушева.

Серіктес жаңалықтары