Елде ақбөкендерге санақ жүргізіледі
Қазір «Охотзоопромға» қарасты орталық өңірлік филиалы 5 облыстың шекарасында бақылауды күшейтіп отыр
Елде ақбөкендерге санақ жүргізіледі. Алдын-ала болжам бойынша қазір олардың саны 1 жарым млн-ға жуықтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кезінде тұқымы құрып кете жаздаған түз тағысы, кейінде көбейгені белгілі. Қазір «Охотзоопромға» қарасты орталық өңірлік филиалы 5 облыстың шекарасында бақылауды күшейтіп отыр. Яғни, 50 миллион гектар алқапта киіктер қорғауға алынған.
Қорықшылар Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы маңында табылған 60-басқа жуық киік өлесксесіне қатысты да пікір білдірді. Олар сараптамадан кейін ешқандай ауру белгісі жоқ, табиғи процесс деген шешімге келген.
«Қазір киіктің көбейуіне байланысты, одан кейін жаңағы қыс мезгілі кезінде киіктің 10 проценті табиғи өліммен өлетіні жыл сайын болып отырады. Киіктің аталғы ы5,6 жыл, аналығы 7-8 жыл өмір сүреді. Өздеріңіз көрсеңіздер 1 сағаттан кейін киіктің балаксы жүгіріп жүреді, оны қуып жете алмайсыз. Сондықтан оны ұстап вакцинация жасау оны ешкім айта алмайды», - деді «ОХОТЗООПРОМ» РМҚК орталық өңірлік филиалының басшысы Шындос Омаров.