Финляндия үкіметі отставкаға кетті
Марин үкіметі қазірше уақытша мәртебеде жұмыс істейді

Финляндияның премьер-министрі Санна Марин ел президенті Саули Ниинистаға үкіметті таратуды сұрады. Оның өтініші қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Үкіметтің отставкаға кету рәсімі Финляндия президенті Мянтюниемидің Хельсинкидегі ресми резиденциясында өтті.
«Құрметті республика президенті, мен сізден мені және үкіметтік кеңестің басқа мүшелерін қызметінен босатуыңызды сұраймын», – деді Марин.
Президент Ниинисте отставкаға кету туралы өтінішті қабылдады. Марин үкіметі парламенттік партиялар жаңа кабинет құрғанға дейін уақытша мәртебеде жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, Санна Марин үкіметінің отставкасы елде 2 сәуірде парламенттік сайлау өтуіне байланысты болды. Сайлауда оның Социал-демократиялық партиясы (СДП) үшінші орынға ие болды.
Сайлауда жеңіске жеткен ұлттық коалициялық партияның басшысы Петтери Орпо келесі аптада үкіметті құру туралы консультациялар бастамақ. Бұл ретте партиялардың ешқайсында басым көпшілік болмайды. Сондықтан Санна Марин партиясы келіссөздерге дайын болғанымен, оның өзі СДП басшысы қызметінен кетуге ниетті.