$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздегі жолдар бойынан 1 мың тоннадан астам қоқыс жиналды – «ҚазАвтоЖол»

Компания өкілдері тұрғындарды тазалық сақтауға шақырады

Еліміздегі жолдар бойынан 1 мың тоннадан астам қоқыс жиналды – «ҚазАвтоЖол»

Көктемгі тазалық жұмыстары басталғалы бері еліміздегі жолдардың бойынан 1 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, қолайлы ауа райының қалыптасуына байланысты республикалық маңызы бар жолдар желісінде құрылыс жұмыстары біртіндеп басталып жатыр.

Сонымен қатар көктемгі тазалық жұмыстары да жалғасын тапты.

«Жолшы мамандар жол жиегіндегі қоқысты жинап, жол элементтерін қалыпқа келтіріп, жол таңбаларын жаңартуда. Қар еріп, күн райының жылынуына байланысты қоқыс мөлшері де көрініп жатыр. Мамандар пластикалық бөтелкелерді, қағаз шыныаяқтарды, резеңке шиналар мен құрылыс материалдарын арнайы қоқыс лақтыратын жерлерге жеткізу үшін күніне бірнеше рейс жасайды.

Жалпы көктемгі тазалық жұмыстары басталғалы бері жолшылар 1 мың тоннадан астам қоқыс жинады», - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарламасында.

Жолшылар жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, күтіп-ұстау жұмыстарын үздіксіз жалғастыра бермек.

«Республикалық трассаларды пайдаланушыларды мамандардың еңбегін сыйлап, тазалықты сақтауға шақырамыз», - дейді компания өкілдері.

Серіктес жаңалықтары