ҚТЖ: 2028 жылға қарай мыңға жуық вагон есептен шығарылады

Қазір олар жаңасына ауыстырылып жатыр

ҚТЖ: 2028 жылға қарай мыңға жуық вагон есептен шығарылады
Фото: ашық дереккөзден

ҚТЖ 2028 жылға қарай мыңға жуық вагонды есептен шығарлюмақ. Қазір олар жаңасына ауыстырылып, кейбірі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде ұлттық компанияда екі жарым мыңға тарта вагон бар. Компания басшысы Сауат Мыңбаев жүк тасымалы мен халыққа қызмет көрсету сапасына қатысты түйткілдер кезең-кезеңімен шешіледі дейді.     

Қазақстан темір жолын ұзаққа созылған дағдарыстан шығару – компания топ-менеджерлерінің басты міндеті. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында аталған акционерлік қоғамның басшысы Сауат Мыңбаев мәлімдеді. Қабылданған шаралар қазірдің өзінде оң нәтижесін бере бастаған. 

«2019 жылы 173 млрд теңге пайда түсті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 35 процентке артық. Бірақ соған қарамастан, «Қазақстан темір жолы» өткен жылды 75 млрд теңге шығынмен аяқтады. Десе де, оның көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 12 млрд теңгеге азайды», - дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.

Сондай-ақ компания жүкті қағазсыз ресімдеуге көшті. Енді өтінішті үйден де беруге болады. «Қазақстан темір жолы» жүк тасымалына электрондық жүйені енгізу жағынан Беларусь, Ресей мен Украинаны басып озған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.