7 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сенбі күні елімізде күшті жел, жаяу бұрқасын, тұман болады
Сенбі күні елімізде құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«7 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасы ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өтіп жатқан циклон әсерінен еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр қар түрінде) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күшеюі, солтүстікте – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста – көктайғақ күтіледі», - делінген ауа райы болжамында.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, жаяу бұрқасын соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде – шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.