ШұғылҚазақстанда тағы 716 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирустан бір жылда 15 млн адам қайтыс болуы мүмкін - ғалымдар

Әлемдік экономика вирус кесірінен 2,3 трлн доллар жоғалтады деген болжам бар

Фото: ашық дереккөзден

Ғалымдар жыл соңына дейін коронавирустан 15 млн адам өліп, әлемдік экономика 2,3 трлн доллардан қағылатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, бұл зерттеуді Австралия ұлттық университетінің ғалымдары жүргізген. Олар коронавирус әлемдік экономикаға  әсер етпей қоймайтынын жазған.

«Қытайда өлім деңгейі 2 пайыз. Басқа мемлекеттерде 3,4 пайызға жетті. Ең жақсы болжамның өзінде жыл соңына дейін коронавирустан қаза тапқандар саны 15 миллионға жетеді. Қытай мен Үндістанда миллиондаған адам, ал АҚШ-та 230 мың адам қаза табады», - деп жазылған зерттеу қорытындысында.

Ғалымдар COVID-19-ды тұмаумен салыстырған. 

«Британияда коронавирустан 64 мың, Германияда 79 мың, Францияда 60 мың адам қайтыс болады», - деп болжаған ғалымдар.

Олардың айтуынша, әлемдік экономика коронавирус кесірінен 2,3 трлн доллардан қағылады.

«Ең жаман жағдайда коронавирустан әлем бойынша 12 млн адам қаза тауып, әлемдік экономика 9,4 трлн доллардан айырылады», - деп болжады ғалымдар.