$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

Кей аймақтарда шаңды дауыл тұрып, тұсан түседі

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы сәурдің 2-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін еліміздің басым аумағы антициклон жырасының ықпалында болады. Күн ашық. Тек елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына циклон жырасы әсер етеді және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, оңтүстігінде найзағай болады.

Республика бойынша еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты жел соғып, оңтүстігінде - шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жетісу облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 30 м/с және одан да көп болады,

Түнде Алматы облысында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.

Серіктес жаңалықтары