$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құны 6 млрд теңгеден асады: Алматыда 2014 жылдан бері пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыс жүріп жатыр

Құны 6 млрд теңгеден асады: Алматыда 2014 жылдан бері пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Фото ашық дереккөзден

Әскери прокурорлар мүлікті мемлекет пайдасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен.

Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.

24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген.

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары