Елімізде қандай жолдарды еріген қар суы басып қалғаны белгілі болды

Аягөз Құрмаш

Бұл бойынша 8 қысқамерзімді жағдай тіркелген

Елімізде қандай жолдарды еріген қар суы басып қалғаны белгілі болды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков автожолдарды еріген қар суының басуы жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Амангелді Беков атағандай, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері республикалық желі бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында автожолдың жүріс бөлігін еріген қар суы басуының 8 қысқа мерзімді жағдайы тіркелген.

«Ақтөбе облысында Қобда кентінің маңындағы «Самара-Шымкент» автожолының 613 шақырым учаскесінде еріген қар суын өткізу үшін жол төсемі ашылды. Жол төсемі қалпына келтіріліп, көліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысы үшін барлық жағдай қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда қозғалыста шектеу жоқ», - деп жеткізді Амангелді Беков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.