«Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Azattyq Rýhy

Сайысқа қатысуға 200-ден астам түрлі мамандық иесі өтініш білдірген

«Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: sputnik.kz

Елордада «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сайысқа қатысуға елдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам түрлі мамандық иесі өтініш білдірген. Байқау шартына сәйкес, әрбір қатысушы «Ел дамуына қосқан үлесім» тақырыбында бейнебаян әзірледі. Осылайша әділқазы мүшелері үздіктерді анықтап, жүйрік шыққан 100 азамат  «Жаңа есім» төсбелгісі және бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.

Шара «Жаңа Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.

«Бұл шараның мақсаты – халықтың арасында танымал болмаған азаматтарды таныту. Жеңімпаз атанғандар мақсат-мұратын айқындай алады. Оны біз қоғамдық негізде халықтың алдында осы азаматтарды танытамыз. Конкурсқа қатысқандардың ішінде дәрігерлер, кәсіпкерлер, жас ғалымдар, одан басқа мұғалімдер қатысып отыр», - деді «Жаңа Қазақста» ҚБ төрағасы Мағжан Садыханұлы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.