Еуроодақ Беларусьті Ресейдің ядролық қаруын өз аумағында орналастырмауға шақырды

Azattyq Rýhy

ЕО Минск жаңа санкцияларға тап болуы мүмкін екенін ескертті

Еуроодақ Беларусьті Ресейдің ядролық қаруын өз аумағында орналастырмауға шақырды

Еуроодақ Беларусьті Ресейдің ядролық қаруын өз аумағында орналастырмауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррел Беларусьті Ресейдің ядролық қаруын орналастырмауға шақырып, егер солай болған жағдайда Минск жаңа санкцияларға тап болуы мүмкін екенін айтты.

«Беларусьтің ресейлік ядролық қаруды орналастыруы шиеленісті арттырып, еуропалық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Беларусь мұны әлі де тоқтата алады, бұл олардың таңдауындағы іс. ЕО бұдан кейін санкциялармен жауап беруге дайын», - деп жазды Боррелл Твиттердегі парақшасында.

ЕО реакциясы Ресей президенті Владимир Путиннің ресейлік тактикалық ядролық қаруды Беларусьте орналастыру мүмкіндігі туралы мәлімдемесінен кейін жарияланды. Путиннің мәлімдемесі АҚШ, НАТО және Украинаның сынына ұшырады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.