$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жайлы мектеп» қандай құрылыс материалдарынан салынады?

Күрделі материалдардан басқасын отандық компаниялардан алу жоспарланып отыр

«Жайлы мектеп» қандай құрылыс материалдарынан салынады?
Фото ашық дереккөзден

800 орындық мектептер құрылысының 70-75 пайызын отандық кәсіпорындар қамтиды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылым вице-министрі Ілияс Оспанов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында өткен көрмеде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол мектептер оқушыларға жайлы болуы – бірінші мәселе. Ал сол жайлылықты қандай материалдардан салу керек деген екінші мәселе бар. Бұл жайында көп пікірталас болды. Шетелдік материалдарды алу керек деген пікірлер де болды. Дегенмен, қазір отандық озық материалдар да бар. Солардың барлығын көрсету үшін осы іс-шараны өткізіп жатырмыз. Көрмеге отандық кәсіпорындар мен мектептерге арналған жиһаз өндіретін компаниялар қатысып жатыр», - деді Оспанов. 

Вице-министрдің айтуынша, өңірлердегі зауыттармен танысу жұмыстары да жүргізілген. 

«Бас мердігерлер үшін талаптар қойылады. Олар отандық кәсіпкерлерден өнімді сатып алады. Қазір соның тетіктері жасалып жатыр. Көлемі мен қандай кәсіпкерлердің өнімін пайдалану бойынша жоспар құрылады. Әзірге мерзімі анықталып жатыр. Ал сатып алу бойынша жұмыс басталып кетті деп айтуға болады. Мектептердің 70-75 пайызын отандық кәсіпорындар қамтиды. Күрделі материалдарды шетелдік компаниялардан алу жоспарланып отыр. Бұл ішкі экономиканы да көтеруге мүмкіндік береді», - деді ол. 

Отандық кәсіпкерлердің көрмесіне 80-нен астам кәсіпорын қатысып жатыр. Көрменің жұмысымен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев танысты.

Серіктес жаңалықтары