$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Прокуратура сайлау бойынша 23 заң бұзушылықты анықтады – Өмірәлиев

Бұл бойынша кінәлілер әкімшілік жазаға тартылған

Прокуратура сайлау бойынша 23 заң бұзушылықты анықтады – Өмірәлиев
Фото ашық дереккөзден

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев ОСК отырысында сайлауға қатысты заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мәжіліс депутататрының сайлауында «Сайлау туралы» заң талаптарының бұзылуына жол берілді. Прокуратура тарапынан 23 заң бұзушылық анықталды. Барлық құқық бұзушыға бізде бірыңғай көзқарас. Бүкіл дерек тексерілді. Кінәлілер әкімшілік жазаларға тартылды. Осы фактілердің ішінде тыйым салынған уақытта үгіт жүргізу бойынша 12 дерек тіркелді. Оның ішінде 6 жағдайда кінәлілер 3 заңды тұлға, 3 азамат болып шықты. Олар - кандидаттар емес. Қалған 6 жағдайда үгіт жұмыстарын заңсыз, яғни кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тіркеген. Олар бір мандатты округтер бойынша тіркелгендер. Біз оларды жауаптылыққа тарту үшін ОСК-ның келісімін алдық. Сот әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабы бойынша айыппұл салғаннан кейін және сот актілері заңды күшіне енгеннен соң тиісті округтік сайлау комиссиялары олардың тіркеу күшін жойды. Бұл – заң талабы», - деді Өмірәлиев.

Бас прокурордың орынбасары атағандай, Алматы қаласындағы тағы бір кандидат 112 бап бойынша жазаға тартылды.

«Ол сайлау алындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзып, азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен. Кінәсін мойындады. Оның да тіркеуінің күші жойылды. Үгіт жүргізу кезінде Қарағанды қаласының екі тұрғыны Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің 114-бабы бойынша үгіт материалдарын жұлып, бүлдіргені үшін жауапқа тартылды. Үш факт сайлау бойынша Астана және Алматы қаласында қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуге қатысты болды. Сауалнаманы 5 жылдық тәжірибесі бар және ОСК-ні алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана өткізуге құқылы. Осы заң талаптарын бұзған екі жеке, бір заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды», - деді ол.

Өмірәлиев сауалнамалардың барлығы әлеуметтік желіде жүргізілгенін атап өтті.

«Анонимдік үгіт материалдарын таратудың 5 фактісі анықталды. Оның төртеуі Кодекстің 113-бабы бойынша жауапқа тартылды. Үшеуі Ақмола облысының кандидатының өкілдері, біреуі БАҚ өкілі. Тағы бір факт Түркістан облысынан Мәжіліс депутаты кандидаты тарапынан жол берілген. ОСК келісімі алынды. Бұл кандидатқа қатысты материалдар сотқа жіберілді. Бірақ кандидаттың тіркеу құқығы алынбады. Ол айыппұл төлеп, сайлауға қатыса береді», - деді ол.

Сондай-ақ, мәслихаттарға депутаттаттардың кезектен тыс сайлауы бойынша прокурорлар 11 заң бұзу фактісін анықтаған.

Серіктес жаңалықтары