$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда 120 келі бекіре балығы тәркіленді

Өңірде «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Маңғыстауда 120 келі бекіре балығы тәркіленді

Маңғыстауда 120 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко республикалық маңызы бар тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп «Lada 2112» маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді.

Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық «Kazakh Osetr» ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары