12.03.2023, 11:49
Жаңалықтар
Әйелдер колониясына телефон және ішімдік лақтырған ер адам ұсталды
Заң бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады
фото: Алматы және Жетісу облысы ҚАЖД
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекеменің жедел бөлім қызметкерлері тыйым салынған заттардың аумаққа кіру фактісін алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мекеме аумағына қара түсті пакет лақтырмақ болған ер азамат ұсталды. Скотчпен оралған түйіншектердің ішінен бес дана ұялы телефон, төрт дана қуаттандыру жүйесі және әрқайсысының көлемі 0,5 литр болатын төрт пластик ыдыстың ішінде спирт тәрізді иісі бар мөлдір түсті сұйықтық тәркіленді.
«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік сотқа жіберілетін материалдар жиналды. Ер адамға қатысты заңнамамен тиісті шаралар қабылданатын болады»,- деп атап өтті, ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты