$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2020, 03:28
Жаңалықтар

Арзан бағаға пәтер алмақ болған Семей тұрғыны 2 млн теңгесінен айырылды

Ол банктен кепілде тұрған пәтерді төмен бағамен сатуға уәде берген бейтаныс адамға сенген

Арзан бағаға пәтер алмақ болған Семей тұрғыны 2 млн теңгесінен айырылды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында алаяқ тұрғындардан ірі мөлшерде ақша алып, ізін суытқан. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Семейде 34 жастағы қала тұрғыны полицияға шағым түсірді. Ол банктен кепілде тұрған пәтерді төмен бағамен сатуға уәде берген бейтаныс адамға сенген. Ер адам 2 миллион теңгеге жуық ақша алып, байланысқа шықпай қалған. Тек бір айдан кейін ғана жәбірленуші ішкі істер органдарына жүгінді», - деп жазылған хабарламада.

Семей қалалық жергілікті Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері жедел түрде 58 жастағы күдіктіні анықтады. Белгілі болғандай, ер адам барлық қаражатты жұмсап үлгерген. 

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - дейді полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары