Қазгидромет: еліміздің шығыс өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді
Синоптиктер Абай және Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын және қатты аяз болатынын ескертті
Қазгидрометтің болжамынша Абай және Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, қатты аяқ болады деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 26 ақпанда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Жетісу облысының тау, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Абай облысында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 0-3 жылыдан 15-20, облыстың шығысында 25 градус аязға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 8-13, облыстың шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. ауа температурасының түнде 0-3 жылыдан 15-20, облыстың шығысында 25 градус аязға дейін, күндіз 4-9 жылыдан 8-13, облыстың шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.