Түркияның футбол жанкүйерлері қазақстандық құтқарушыларға алғыс білдірді
ҚР ТЖМ қызметкерлері Түркияның екі елдімекенінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді
Түркияның «Трабзонспорының» жанкүйерлері Конференция лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық «Базельге» қарсы өз алаңындағы ойын алдында жер сілкінісінен кейін көмекке жеткен құтқарушыларға арнайы алғысын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жанкүйерлер көтерген алып баннерден Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан адамдарды алып шығуға көмектесіп жатқан құтқарушының қолындағы сәбидің бейнесін көруге болады. Құтқарушының каскасында түріктерге қайғылы зілзала зардаптарын жеңуге қол ұшын созған түрлі елдің туы бейнеленген. Олардың арасында Қазақстанның туы да бар.
Айта кетсек, ҚР ТЖМ қызметкерлері Түркияның екі елдімекенінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Соңғы мәліметтер бойынша, 6 ақпанда болған екі бірдей зілзала салдарынан Түркияда қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты.