«Полиция оларға айыппұл сала алмайды»: Алматыда тамақ жеткізушілерге қатысты шағым түсті
Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесті
Алматы әкімі Ерболат Досаев электрсамокаттар мен мопедтерді пайдалану мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Наурызбай ауданының тұрғыны әкімнің халықпен кездесуі барысында азық-түлік жеткізушілердің құқықтары жоқ және олар жол ережелерін сақтамайтынын айтты.
«16-18 жастағы жігіттер, оларды ешкім тексермейді. Олар жолда төтенше жағдай туғызады»,-деді тұрғын.
Әкім оларға полицияның айыппұл сала алмайтынын айтты.
«Электрсамокаттар мен мопедтер көлік ретінде танылған кезде полиция олардан жүргізуші куәлігін талап етуге, жүру ережелерін реттеуге және тағы басқа да мүмкіндік алады. Қазір жол полициясы оларға айыппұл сала алмайды. Осы жылдың көктемінде бұл заң жобасы қаралады деп үміттенемін",- деді ол.